Құрылғыны тіркеу
Не істеу керек
Смартфон, планшет немесе басқа құрылғыдан интернетке кіріп, қоңырау шалу үшін оны өз деректеріңізге тіркеуіңіз керек.
Егер ҚР азаматы болсаңыз, осы құрылғыдан *691# пәрменін теріп, содан соң ЖСН/БСН (егер нөмір ұйымға ресімделген болса) енгізіңіз.
Егер шетел азаматы болсаңыз, *693# пәрменін теріп, Шетелдік төлқұжатыңыздың нөмірін жазыңыз.
Жаңа құрылғы сатып алсаңыз
Жаңа құрылғылар тіркелмеген, өз деректеріңізге тіркеңіз:
1. Атыңызға тіркелген SIM-картаны жаңа құрылғыға салыңыз.
2.Құрылғының тіркелгені туралы SMS-ті күтіңіз немесе тіркеу пәрменін теріңіз:
*691# — ҚР азаматтарына;
*693# — шетел азаматтарына.
Бұрын қолданылған құрылғы сатып алсаңыз
Құрылғыны атыңызға тіркеу керек:
1. Сатып алған құрылғыңызға SIM-картаңызды салып, *6914# пәрменін теріңіз.
2. «Қайта тіркеу» бабын таңдаңыз.
3. Сұраған деректерді жазыңыз.
Назар аударыңыз: телефонның бұрынғы иесінің ЖСН/БСН (егер нөмір ұйымға ресімделген болса) керек.
Құрылғыңызды сатып жатсаңыз
Сатылатын құрылғыны тіркеуден шығару керек:
1. Құрылғыдан *6914# пәрменін теріңіз.
2. «Тіркеуден шығару» бабын таңдаңыз.*
3. ЖСН/БСН (егер нөмір ұйымға ресімделген болса) жазыңыз.
*Шетел азаматтарына: алдын ала "Бейрезиденттерге" бабын таңдап, Шетелдік төлқұжатыңыздың нөмірін жазыңыз.
Жиі қойылатын сұрақтар
Ұялы байланыс операторларының тіркелмеген құрылғыларға байланыс қызметтерін көрсетуге құқығы жоқ.
Бұл ережелер телефон ұрлығын азайту, сондай-ақ экстремизм мен терроризмге қарсы күресті күшейту үшін енгізілген.
Түсінгеніңіз үшін рахмет!
- ҚР резиденті: *691# пәрменін теру, егер нөмір жеке тұлғаға ресімделген болса, ЖСН енгізу; егер нөмір заңды тұлғаға ресімделген болса, БСН енгізу.
- ҚР бейрезиденті: *693# пәрменін теру, заңды тұлғаның Шетелдік төлқұжат нөмірін немесе БСН-ін енгізу.
- 6914 қысқа нөміріне қоңырау шалу. Қоңырауларды қабылдау кестесі - таңғы 09:00-ден түнгі 01:00-ге дейін.
- Beeline-ның кез келген сату және қызмет көрсету кеңсесіне тікелей барып, қажетті ақпаратты ұсыну.
Өз бетінше тіркеуден өтпеген және 2019 жылғы 1 қаңтарға дейін Beeline желісінде тіркелген барлық мобильді құрылғы нөмір ресімделген тіркеу деректеріне автоматты түрде тіркелді.
1. Телефон баптауларында «Қосымшалар бапатуы» бөліміне кіріңіз.
2. «Жүйе қосымшалары» бабын таңдаңыз.
3. «Қоңыраулар» бөлімінен «Тұрған жер» кіріктірмесін ашыңыз.
4. «Елдің кодын қосу. Қоңырау шалар алдында елдің кодын автоматты түрде қосу керек пе?» бабын көріп тұрсыз ба? Соның тұсындағы белгіні алып, оны өшіріп қойыңыз.
Дайын! Құрылғыны қорықпай тіркей беріңіз.
1. Авторизациялау парағында «Нөмірді 4G роутерде тіркеу» тармағын таңдаңыз.
2. Тіркелетін нөмір мен оның PIN-код-ын енгізіңіз.
3. Келісім мәтінімен танысыңыз. Растау үшін «Қабылдау» батырмасын басыңыз.
4.Жеке басыңызды куәландыратын құжатты дайындаңыз. «Жалғастыру» басыңыз да, құжатыңыздың сканерлеуден өткізіңіз.
5. Селфи жасауға дайындалыңыз. Оның көмегімен біз бұл құжаттардың нақты Сіздікі екендігін түсінеміз.
6. Өзіңіздің байланысушы нөміріңізді көрсетіңіз. Ол кез келген ұялы оператордың нөмірі болуы мүмкін.
7. Байланысушы нөмірге жіберілген растау үшін кодты алыңыз да, оны қосымшаның терезесіне енгізіңіз.
8. Құжатыңызды дұрыс сканерлегеніңізді тексеріңіз. Егер бәрі дұрыс болса, «Деректерді растау» басыңыз. Қателер айқындалған жағдайда, құжатты тағы бір рет сканерлеңіз.
9. Тәмам! Нөмір тіркелді. «Әрі қарай» батырмасын басыңыз да, қосымшаны алдағы пайдалану үшін жедел қолжетімділік кодын орнатыңыз.
SIM-карта тіркелген соң, 4G Wi-FI модем/роутер өздігінен тіркеледі. Егер 5 минут ішінде өздігінен тіркелмесе, нұсқауларды пайдаланыңыз:
1. SIM-картаны 4G Wi-FI модем/роутерге салыңыз.
2. Смартфон немесе ноутбукгіңізді 4G Wi-FI модемге/роутерге Wi-Fi арқылы қосыңыз.
3.Смартфон (немесе ноутбук) браузерінде келесі мекенжайды жазыңыз: http://m.home/
4. Кілт сөзді енгізіңіз: admin
5. Ашылған басқару интерфейсінде «Пәрмендер және SMS» бөліміне өтіңіз: оң жағында пәрмендерді теру панелі бар.
6. Егер ҚР азаматы болсаңыз, осы құрылғыдан *691# пәрменін теріп, содан соң ЖСН-іңізді енгізіңіз. Егер шетел азаматы болсаңыз, *693# пәрменін теріп, Шетелдік төлқұжатыңыздың нөмірін жазыңыз.
Назар аударыңыз, мұндай құрылғыларды тіркеуден шығарғанда, сіз оларды қайта тіркей алмайсыз және оларды ҚР ұялы байланыс операторларының ешбірінің желісінде пайдалана алмайсыз.
M2M-ді анықтау мүмкіндігі үшін мұндай құрылғылар келесі ақпаратты m2m@beeline.kz электронды поштасына жіберу керек: абоненттік нөмір, құрылғының IMEI-код, құрылғы үлгісі және оның мақсаты. Сондай-ақ, хатқа құрылғының және оның IMEI-кодының суреті бар сапалы фотосуреттер қоса берілуі тиіс.
Сұраныс 2 жұмыс күні ішінде сәтті өңделеді.