GPON/FTTB серіктестік желісін салу және пайдалану бойынша "Кар-Тел" ЖШС-ның қалай серіктесі болуға болады?
Бірізді әрекеттер
1. «Қосылу шартымен» танысу керек;
2. Шарт талаптарымен келіскен жағдайда https://lkd.beeline.kz/fix ілтемесі бойынша өтіп, барлық жолақтарды толтырып, «Қосылу шартына қосылу туралы өтінішке» және Ақпаратты жарияламау туралы келісімге (NDA) қол қою керек;
3. «Құжаттар тізбесінде» санамаланған құжаттарды қоса беру керек.
Әлеуетті Серіктес тексеру нәтижелері бойынша, Қосылу шартында көрсетілген талаптарға сәйкес келген жағдайда, өтінішті, Серіктес көрсеткен e-mail -ге «КаР-Тел» ЖШС оң жауаппен кері хабарлама жіберу арқылы қабылдайды.
Қосылу шарты «Кар-Тел» ЖШС тарапынан оң жауабы бар хабарлама болған кезде күшіне енеді.
Аукционға қатысу үшін "Кар-Тел" ЖШС Серіктесі «Аукцион ережелерімен» танысуы керек.
Қосымша сұрақтар туындаған жағдайда бізге fvno@beeline.kz электронды пошта мекенжайы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.