Starlink

Жаңа буынды спутниктік интернет

Қызмет туралы

Starlink — жаңа буындағы жоғары технологиялы спутниктік желі. Дәстүрлі байланыс арналары қолжетімсіз немесе тұрақсыз өңірлерде интернетке қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Ғаламдық қамту мен заманауи спутниктік архитектураның арқасында Starlink кез келген қамту аймағында бизнеске жоғары дерек беру жылдамдығын және сенімді қосылымды ұсынады.

 

Beeline Business — Қазақстандағы Starlink-тің ресми реселлері. Біз бизнеске әлемдік деңгейдегі спутниктік интернеткетәуелд қолжетімділікті қамтамасыз етеміз.

 

Starlink арқылы бизнес географияға, инфрақұрылымға және жерүсті желілерінің шектеулеріне тәуелсіз жұмыс істейді.

image 51 (4).png

Бизнеске арналған мүмкіндіктер

Филиалдар мен қашықтағы нысандарды бірыңғай желіге біріктіру

Бейне-конференциялар мен онлайн-жиналыстарды үзіліссіз өткізу

Көлік, логистика және қашықтағы нысандарды нақты уақыт режимінде бақылау

Мобильді нысандар мен уақытша алаңдар үшін байланысты жедел ұйымдастыру

Қызмет көрсету сапасын арттыру және шешім қабылдау жылдамдығын күшейту

Төтенше жағдайларда және жерүсті желілерінде ақаулар болғанда сенімді байланыс

Starlink жинақтары

Өзіңізге лайық Starlink жинағын таңдап, тарифті қосыңыз – өтінімді рәсімдеңіз

Құны ҚҚС-сыз көрсетілген

Mini Kit

Mini Kit

Өзіңізбен алып жүретін интернет

  • Ықшам, тасымалданатын жинақ
  • Локациялар арасында оп-оңай алып жүруге болады
  • Сыртқы қуат көздерінен: аккумуляторлар және күн панельдерінен жұмыс істейді
  • Іссапарлық командаларға, уақытша нысандарға, резервтік қосылуға арналған
  • Дерек беру жылдамдығы — 100 Мбит/с-қа дейін
  • Wi Fi қамту аймағы — 112 м²-ге дейін
193 000 ₸
Standard Kit

Standard Kit

Мүмкіндіктерді кеңейтетін интернет

  • Үлкен үй және кеңсе желілеріне арналған
  • Mesh-тораптары арқылы қамтуды кеңейту
  • Жоғары жүктемелер: бейнеконференциялар, 4K-стриминг, онлайн-ойындар үшін
  • Бір уақытта бірнеше пайдаланушы мен құрылғылардың жұмысын қолдайды
  • Дерек беру жылдамдығы — 220 Мбит/с-қа дейін
  • Wi Fi қамту аймағы — 297 м²-ге дейін
225 000 ₸

Комплекттерге арналған тарифтер

Starlink жабдығын пайдалану үшін спутниктік интернет пакеті бар қолайлы тарифті таңдаңыз.

Құны ҚҚС-сыз көрсетілген

Local Priority

Қазақстан бойынша Интернет

Local Priority 50 ГБ
25 000 ₸/ай
Local Priority 500 ГБ
64 500 ₸/ай
Local Priority 1 TБ
113 500 ₸/ай
Local Priority 2 TБ
211 600 ₸/ай
Local Priority 5 TБ
506 500 ₸/ай
Local Priority 10 TБ
997 500 ₸/ай
Local Priority 15 TБ
1 488 500 ₸/ай
Local Priority 25 TБ
2 470 500 ₸/ай

Global Priority

Бүкіл әлем бойынша Интернет

Global Priority 50 ГБ
129 500 ₸/ай
Global Priority 500 ГБ
336 600 ₸/ай

Қосымша интернет-топтамалар

Негізгі тариф бойынша трафик таусылған жағдайда қосымша гигабайт көлемін қосыңыз

Құны ҚҚС-сыз көрсетілген

DATA Local

Қазақстан бойынша Интернет

DATA Local 50 ГБ
9 900 ₸/ай

DATA Global

Қазақстан бойынша Интернет

DATA Global 50 Gb
51 800 ₸/ай

Пайдалану сценарийлері

Басымдылықтар

Интернет Қазақстанның кез келген нүктесінде

Мобильді байланыс жоқ жерлерде де жұмыс істейді.

Тиімді кешен

Орнатудан бастап қызмет көрсетуге және корпоративтік жүйелерге интеграцияға дейін.

Қауіпсіздік пен тұрақтылық

Қорғалған VPN желілері, шифрлау және сенімді Beeline Business инфрақұрылымы.

Қазақстан бойынша 24/7 қолдау

Сервистік команда кез келген мәселені жедел шешеді.

Бизнеске жарамды

Мемлекеттік құрылымдар

Мектептер, ауылдық әкімдіктер, ХҚКО, медпункттер, ТЖМ

Өндіру және құрылыс

Кеніштер, бұрғылау, вахталық лагерлер, құрылыс алаңдары

Көлік және логистика

Темір жолдар, теңіз кемелері, жүк көлігі

Агробизнес

Фермалар, жылыжайлар, ауылшаруашылық кәсіпорындар

Туризм және қонақ үйлер

Отельдер, глэмпингтер, демалыс базалары, шаңғы курорттары

Бөлшек бизнес

ЖМҚС, қашықтағы POS-нүктелер, дүкендер

Жиі қойылатын сұрақтар

Starlink жиынтығына не кіреді?
Starlink жиынтығына:

  • Starlink терминалы;
  • Қуат блогы;
  • Кабельдер;
  • Негізгі база;
  • Wi-Fi-роутер кіреді.*

* Starlink Performance жиынтығында Wi-Fi роутер жоқ, оны бөлек сатып алуға болады.
Орнату үшін қосымша бекіткіштер немесе кабельдер қажет болуы мүмкін. Оларды да бізден тапсырыс бере аласыз.
Starlink Mini үшін бөлек роутер қажет пе?
Starlink Mini құрылғысында Wi-Fi роутер кіріктірілген, сондықтан интернетке қосылу үшін бөлек роутер қажет емес. Wi-Fi қамту аймағын кеңейту үшін қосымша Starlink роутерлерін сымды түрде немесе mesh-режимінде қолдануға болады.
Starlink жиынтықтарын өзіңіз орната аласыз ба?
Иә, Starlink жиынтықтарын орнату оңай және маманның қатысуын қажет етпейді. Тек қуат көзі мен аспанға кедергісіз шолу қажет. Әр жиынтықта орнату және баптау бойынша нұсқаулық бар.

Өздігінен орнату шарттары:
  • Starlink үшін аспанға шолу кедергісіз болуы керек — сигнал жолында ағаштар немесе ғимараттар болмауын қадағалаңыз;
  • Кедергілерді тексеру үшін Starlink мобильді қосымшасындағы «Кедергілер» функциясын пайдаланыңыз;
  • Ақпараттық панельдегі кедергі пайызын көрсететін график те көмектеседі;
  • Антеннаны шаңнан, тұздан және басқа да жиналған заттардан үнемі тазартып отырыңыз.

Сіз Beeline Business-тің Starlink бойынша оқудан өткен сертификатталған мамандарынан орнату қызметін де тапсырыс бере аласыз — олар жабдықты тез баптап, іске қосуға көмектеседі.
Starlink антеннасын қалай дұрыс орналастыру керек?
Антенна аспанды 100° айналасын тікелей шолуы тиіс, ағаштар мен ғимараттар сияқты кедергілер болмауы тиіс.
Ең дұрысы — оны шатырға немесе ашық алаңға, жақын маңда ағаштар, ғимараттар және басқа кедергілер жоқ жерге орнату.
Starlink қосымшасы не үшін қажет
Starlink қосымшасы:
  • антеннаны орнату үшін оңтайлы орынды таңдауға;
  • кедергілерді тексеруге;
  • жабдықты баптауға;
  • жаңартуларды алуға;
  • қолдау қызметіне жүгінуге көмектеседі.
Қосымша арқылы техникалық мәселелерді жылдамырақ шешуге болады, себебі ол жабдықтың жұмыс деректеріне қол жеткізе алады. Сондықтан қолдау қызметіне қосымша арқылы жүгінуді ұсынамыз.
Starlink қосымшасын қалай жүктеуге болады?
Мобильді құрылғыға жүктеңіз:
iOS: App Store
Android: Google Play
Starlink қосымшасына қалай кіруге болады?
Қосымшаға дұрыс кіру үшін:
  1. App Store немесе Google Play-ден қосымшаның соңғы нұсқасын орнатыңыз. Соңғы нұсқада жиі кездесетін қателер түзетіледі.
  2. Қолдау көрсетілетін веб-браузерді қолданыңыз (iOS үшін Safari, Android үшін Chrome).
  3. Браузерде JavaScript қосулы екеніне көз жеткізіңіз.
  4. Браузерде cookie-файлдарға рұқсат берілген болуы керек.
    • iOS-та Safari баптауларына кіріп, «Қосымша» бөлімін таңдаңыз. «Барлық cookie-файлдарды бұғаттау» функциясы өшірілгеніне көз жеткізіңіз.
    • Қосымшаға кіру мүмкін болмаса, үшінші тарап cookie-файлдары қосулы, қолдау көрсетілетін браузер (мысалы, Chrome немесе Safari) қолданылып жатқанын және қайта бағыттауды бұғаттамайтынын тексеріңіз.
  5. Құрылғыда күн мен уақыт автоматты түрде орнатылғанына көз жеткізіңіз. *.
    • iOS-та «Баптаулар» → «Негізгі» → «Күн мен уақыт» бөліміне кіріп, «Автоматты түрде орнату» функциясын қосыңыз.
    • Android-та баптауларға кіріп, «Күн мен уақыт» бөлімін тауып, «Уақытты автоматты түрде орнату» функциясын қосыңыз.

  6. * iOS 14-нұсқасынан ескі құрылғыларда қиындықтар туындауы мүмкін.
  7. Операциялық жүйе соңғы нұсқаға дейін жаңартылғанына көз жеткізіңіз.
Starlink-ті қозғалыста қолдануға бола ма?
Иә, Starlink-ті қозғалыста қолдануға болады — жылдамдығы 885 км/сағ дейін (550 миль/сағ), егер сізде тиісті тариф жоспары төленген және бұл мүмкіндік бар аймақта болсаңыз.
  • Local Priority тарифтері Starlink-ті құрлықта қозғалыста қолдануға мүмкіндік береді.
  • Қолайлы жиынтықтар: Flat High Performance, Standard, Mini.
  • Қозғалыста пайдалану тек жабдық орналасқан елдің заңнамасына сәйкес рұқсат етіледі.
Starlink-ті ашық теңізде қолдануға бола ма?
Иә, Standard, Mini және Performance жиынтықтары қозғалыста, соның ішінде ашық теңізде жұмыс істеуді қолдайды. Ол үшін халықаралық суларда тұрақты байланыс қамтамасыз ететін Global Priority тарифін таңдаңыз.
Starlink жабдығы қаншалықты сенімді?
Starlink жабдығы күрделі жағдайларда тұрақты жұмыс істеуге арналған.
Оның сенімділігін қамтамасыз ететін факторлар:
  1. Сенімді байланыс кез келген уақытта.
    Starlink — әлемдегі ең озық спутниктік жүйе. Ол әлемнің кез келген нүктесінде 99,9% үздіксіз интернетпен қамтамасыз етеді.
  2. Барлық ауа райына төзімділік.
    Терминал жауын-шашынға, желге және экстремалды температураға төзімді — –40 °C-тан +43 °C-қа дейін, желдің екпіні 160 км/сағ дейін.
  3. Кедергілерге тұрақтылық.
    Аспанның бір бөлігі ағаштармен немесе ғимараттармен жабылған болса да, жүйе пайдаланушыға бұл байқалмайтындай етіп жасалған. Әр терминалдың көрініс аймағында ондаған спутник бар, сондықтан трафик кедергісіз тұрақты байланыс қамтамасыз ете алатын спутниктер арқылы маршрутизацияланады. Starlink терминалы сигнал сапасы төмендеген жағдайда автоматты түрде басқа спутникке ауысады. Бұл стационарлық қолдануда да, қозғалыста немесе күтпеген ақаулар кезінде де іске асады.
  4. Төтенше жағдайларға дайындық.
    Starlink спутниктік желісі — дәстүрлі инфрақұрылым зақымданған немесе қолжетімсіз болғанда сенімді байланыс.
    Табиғи апаттар мен төтенше жағдайларда жылдам әрі сенімді байланыс қажет. Су тасқыны, жер сілкінісі, дауыл кезінде халық жиі сыртқы әлемнен оқшауланып қалады. Starlink-ті бірнеше минутта орнатуға болады, ол ең шалғай немесе зардап шеккен аудандарда да төмен кідірісті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етеді.
Сыртқы өндірушінің құрылғысын немесе mesh-жүйесін қолдануға бола ма?
Иә, сіз Starlink роутерін сыртқы өндірушінің роутеріне ауыстыра аласыз. Ол үшін сыртқы роутерді Starlink роутеріне қосып, Starlink қосымшасында айналып өту режимін қосу қажет.

Назар аударыңыз:
  • Starlink сыртқы желілік жабдықпен өнімділік пен үйлесімділікті кепілдемейді.
  • Сыртқы роутерді қолданғанда Starlink қосымшасының кейбір функциялары қолжетімсіз болуы мүмкін.
Маңызды!
  • 2-ші буын Starlink роутерлері үшін Ethernet-адаптер (бөлек сатылады) қажет.
  • Егер сізде Starlink Enterprise, Starlink Performance (1-ші немесе 2-ші буын, қуат блогымен) болса, Starlink роутерін сыртқы жүйеге ауыстыруға болады.
  • Starlink Mesh жүйесін қосымша сатып алуға болады.
Starlink қандай IP-мекенжайлар береді?
Local Priority және Global Priority тарифтері бар Корпоративтік клиенттерге DHCP хаттамасы арқылы жария IPv4 мекенжайы беріледі. Ол статикалық IP-дің барлық функцияларын орындайды (мысалы, VPN, бейнебақылау, телеметрия), бірақ статикалық емес — терминал қайта жүктелгенде немесе PoP ауысқанда өзгеруі мүмкін.

Қазір Starlink статикалық IP-мекенжайлар бермейді. Желі динамикалық, IP-мекенжайлар желі өткізу қабілеті артқанда немесе жаңа елдер қосылғанда өзгеріп отырады.

Сондай-ақ, /64 және /56 префикстерімен жергілікті және ғаламдық желілер үшін нативті IPv6 қолдау бар. Бұл кеңейтілген маршрутизация мүмкіндіктерін және заманауи протоколдармен үйлесімділікті қамтамасыз етеді.
Корпоративтік VPN немесе SD-WAN Starlink-пен жұмыс істей ме?
Иә, корпоративтік VPN және SD-WAN шешімдерінің көпшілігі Starlink-пен жұмыс істейді, егер олар NAT арқылы өтуге мүмкіндік беретін хаттамаларды (мысалы, TCP немесе UDP) қолданса.
Мұндай шешімдерге OpenVPN, WireGuard, SSL VPN, Cisco AnyConnect, NAT-T арқылы IPsec және басқа заманауи клиенттер жатады.

Тікелей IP-маршрутизацияны талап ететін протоколдар қазіргі уақытта Starlink желісіндегі CGNAT механизміне байланысты қолдау көрсетілмейді.
Бұл GRE (47), ESP (50), AH (51), L2TP (115) — осы протоколдар бойынша трафик бұғатталады.

* CGNAT — бір жария IP-мекенжайды бірнеше клиент бір уақытта қолданатын технология. Бұл қауіпсіздікті арттырады, бірақ кейбір протоколдарды қолдануды шектейді.
Бірнеше терминалды бір корпоративтік желіге қосуға бола ма?
Иә, Starlink терминалдарын ортақ корпоративтік желіге біріктіруге болады.
Бұл жағдайда маршрутизация мен арналарды теңестіруді қолдайтын жабдықты (мысалы, SD-WAN) қолдану ұсынылады.
Starlink қолдау көрсетеді ме?
Priority тарифтік жоспарларында жазылым мерзімі ішінде тәулік бойы басымдықты қолдау көрсетіледі.
Beeline клиенттеріне орыс және қазақ тілдерінде жергілікті қолдау қолжетімді.
Starlink антеннасын техникалық қызмет көрсету қалай жүзеге асырылады?
Starlink терминалы экстремалды температурада, бұршақта, қарлы жаңбырда, нөсерде және дауылды желде жұмыс істей алады. Кез келген мәселе туындаса, қолдау қызметіне хабарласыңыз.
Starlink жылдамдыққа кепілдік немесе қызмет көрсету деңгейі туралы келісімдер ұсына ма?
Starlink жоғары сапа стандарттарын сақтайды. Корпоративтік клиенттер үшін желінің 99,9% қолжетімділігін қамтамасыз ететін қызмет көрсету деңгейі туралы келісімдер (SLA) қолданылады. Толығырақ: https://www.starlink.com/legal/documents/DOC-1729-34307-72

Басқа сервистер

callback
Осы сервис бойынша сұрақтарыңыз бар ма?

Деректерді толтырыңыз, біз кері қоңырау шаламыз

Сіздің есіміңіз
Телефон нөмірі *
Ұйымның БСН *
Ұйымның атауы
Электрондық поштаңыз
Осы сервис бойынша сұрақтарыңыз бар ма?