Қызмет жайлы
Beeline Қазақстанның Ақпараттық қауіпсіздіктің операциялық орталығы (АҚОО) — бұл ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның маңызды объектілерін (АКИМО) және электрондық үкіметтің ақпараттандыру объектілерін, сондай-ақ киберқорғанысты арттыруды қажет ететін корпоративтік клиенттер үшін кешенді мониторинг қызметі.

Сіз мыналарды аласыз
Тәулік бойы мониторинг және жедел әрекет ету
АҚОО қауіп-қатерлерді үздіксіз анықтайды және жіктейді, шабуылдарды тоқтатып, зиянды азайту үшін әрекеттерді үйлестіреді.
Проактивті қорғау
Қазіргі шабуыл әдістері туралы ақпаратты пайдалана отырып, АҚОО инциденттердің алдын алу және қауіпсіздікті күшейту шараларын әзірлейді.
Қауіпсіздік стандарттарына сәйкестік
Қызмет ҚР заңнамалық талаптарына және ISO 27001 халықаралық стандартына сәйкес сертификатталған.
Шығындарды оңтайландыру
Киберқауіпсіздікті басқаруды тәжірибелі мамандарға бере отырып, Сіз өз инфрақұрылымыңызды құру қажеттілігінсіз негізгі қызметіңізге назар аудара аласыз.
Артықшылықтар
Жергілікті сараптама
Beeline шешімді қазақстандық АК-инфрақұрылымның ерекшеліктеріне бейімдеп, интеграция шығындарын азайтады және қызмет көрсетуді жеңілдетеді.
Шешімдердің икемділігі
Ірі компанияларға арналған АҚОО қызметтерінің толық спектрі және орта бизнеске арналған базалық SOC.
Кешенді қорғаныс
Мониторинг, әрекет ету және қауіп-қатерлердің алдын алу киберқауіптерлерге байланысты тәуекелдерді азайтуға көмектеседі.
Тәжірибе мен білім
Beeline — сенімділік пен жоғары қызмет сапасын қамтамасыз ететін, жергілікті ерекшеліктерді білетін жетекші оператор.
Табысты кейстер
Өнім бизнесіңізге қалай көмектескенімен бөлісіңіз
Мына салалар үшін қолайлы
| Мемлекеттік мекемелер, электрондық үкімет органдары мен объектілері | АК-инфрақұрылымның маңызды объектілері (АКИМО) — энергетика, телекоммуникациялар, қаржы | Жеке деректермен жұмыс істейтін компаниялар |
| Халықаралық стандарттарға (ISO 27001 және т.б.) бағытталған компаниялар | Қорғанысқа базалық талаптары бар орта бизнес |
Жиі қойылатын сұрақтар
SOC: шағын және орта бизнес үшін базалық қорғау.
Қосылу процесі
Сауалнама толтырып, мамандардың шешімін алу
Шартқа қол қою
Қызметті қосу және баптау
Іске қосу, тестілеу және мониторингті бастау
Басқа сервистер
Proxy Call
Жеке нөмірлерді ашпай қауіпсіз қоңыраулар қызметі
DDoS-шабуылдардан қорғау
Интернет-трафик мониторингі, компанияңыздың онлайн-ресурстарын DDoS-шабуылдардан қорғау.


