AnyDevice
Мобильді байланыс немесе интернет қосып, жабдықты тиімді шарттармен алыңыз
Qadam — бұл бизнеске арналған жан-жақты шешім: кеңсе үшін тіркелген интернет, жобаларды басқаруға арналған Darlean платформасы және DDoS шабуылдардан қорғау* бір топтаманың ішінде.
*Qadam L және Qadam XL тарифтерінде.

Интернет, цифрлық платформа және желілік шабуылдардан қорғау бір топтамамен қосылады. Бөлек мердігерлерсіз және күрделі үйлестірусіз.
Интеграциялық жоба, бөлек вендор цикл немесе ұзақ баптау қажет емес. Қосу — стандартты телеком процесс бойынша.
Қызметкерлер тұрақты интернетке және тапсырмалармен, жобалармен және құжаттармен жұмыс істеу құралдарына бірыңғай интерфейсте қол жеткізеді.
Жоғары тарифтерде желілік шабуылдар кезіндегі үзілістер мен қаржылық шығындар тәуекелдерін төмендететін AntiDDoS қорғау көзделген.
Компанияңыз үшін тиімді тарифтермен және қосымша сервистермен тұрақты қосылым.
Қосылу және шарт рәсімдеу — толық онлайн, кеңсеге барудың қажеті жоқ.
Darlean құжаттармен жұмыстың толық циклін құруға мүмкіндік береді — құжатты жасаудан және келісуден бастап eGov арқылы заңды күші бар электронды қол қоюға дейін, әрі бәрі ашық бақылаумен жүзеге асады. Жүйеде тапсырмаларды жоспарлап, бөлуге, жобаларды канбан және жол карталары арқылы басқаруға, мерзімдерді, KPI және команда жүктемесін онлайн режимде бақылауға болады.
Платформа құжат айналымын, келісу үдерістерін, командалық жұмысты және қолжетімділікті басқаруды бір интерфейсте біріктіреді.
Qadam L және Qadam XL тарифтері үшін
Сайтты қолжетімсіз етуге немесе істен шығаруға бағытталған әрекеттер болған кезде зиянды сұранымдарды сүзгіден өткізіп, сайттың қалыпты жұмысын сақтайтын сүзгі. Бұл онлайн жұмыс істейтін және тоқтап қалуға жол бере алмайтын бизнес үшін өте маңызды. AntiDDoS шабуылдарды анықтауды, трафикті мониторингтеуді, көпдеңгейлі қорғанысты және жедел әрекет етуді қамтамасыз етеді.
Qadam XL клиенттері үшін эксклюзивті ұсыныс. AnyDevice — байланыс пен жабдықты бір топтамаға біріктіретін шешім. Көптеген келісімшарттар мен бөлек төлемдерсіз, техника компанияңыздың меншігінде қалады.
Толығырақ