Proxy Call

Жеке нөмірлерді ашпай қауіпсіз қоңыраулар қызметі

Қызмет туралы

Proxy Call — бизнеске арналған телефон нөмірлерін қорғау сервисі. Қоңыраудың логикасын сақтай отырып: қосылу, сөйлесулерді жазу, аналитика және CRM мен интеграция, клиенттер мен қызметкерлердің нақты нөмірлерін уақытша виртуалды нөмірлермен алмастырады.

Proxy call.png

Басымдылықтар

Парсинг пен спамнан қорғау

Нөмірлер сыртқы дерекқорларға түспейтіндіктен, спам-қоңыраулар саны 70%-ға азаяды

Клиенттер базасының сақталуы

Жеке нөмірлер жасырылған: CRM-де тек контакт көрсетіледі, қызметкерлер клиенттердің телефон нөмірлерін көрмейді

Коммуникациялар сапасын бақылау

Қоңырауларды жазу, қызмет көрсету сапасын арттыру және қызметкерлерді оқыту үшін талдау

Статикалық call-tracking және қоңырауларды монетизациялау

Қоңыраулар санын қадағалаңыз және деректерді аналитикаға немесе агрегатор алаңдарында монетизациялауға пайдаланыңыз

Сервис қалай жұмыс істейді

Клиент сайтта немесе қосымшада көрсетілген уақытша нөмірге қоңырау шалады

Қоңырау клиенттің нөмірін ашпай, қызметкерге немесе басқа пайдаланушыға тиесілі нақты нөмірге қайта бағытталады

Қоңырауға қатысушылардың барлығына уақытша виртуалды нөмірлер бекітіледі

Сөйлесу жазылуы мүмкін, деректерді API арқылы CRM жүйесіне жіберуге болады

Бизнеске жарамды

Маркетплейстер және агрегаторлар

Сатушылар мен сатып алушылардың нөмірлерін қорғау, статикалық call tracking, қоңырауларды талдау.

Қаржы секторы

Курьерлер мен клиенттер арасында қауіпсіз байланыс.

E-commerce

Менеджерлер мен клиенттердің контактілерін қорғау, спамды азайту.

Жылжымайтын мүлік

Сатушы мен сатып алушының нөмірлерін жасыру, келіссөздерді бақылау, алаяқтық тәуекелдерін төмендету.

Такси және жеткізу

Жүргізушілер мен клиенттер арасында анонимді байланыс, сөйлесулерді жазу.

IT сервистер

Менеджерлердің нөмірлерін қорғау, спамды бұғаттау.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қызмет аясында диалогтарды жазуға бола ма?
Иә, болады. «Сөйлесуді жазу» функциясы қосылған кезде жазба туралы хабарламаны диалогтың екі қатысушысы да алады. Жазбалар 3 ай сақталады. «Сөйлесуді жазу» функциясының төлемі уақытша нөмір бойынша абоненттік төлемге енгізілген.
Уақытша нөмірден қоңырауды бірнеше нөмірге бағыттауға бола ма?
Иә, болады. Параллель және тізбекті қайта бағыттаулар қарастырылған.
Қоңырауды қабылдаушы қоңырау шалушының бастапқы нөмірін көре ме?
Жоқ, қабылдаушы қоңырау шалушы қоңырау шалып тұрған уақытша нөмірді ғана көреді.
Қоңырау шалушы үшін уақытша нөмірді қалдырып, қабылдаушыға нақты нөмірді көрсетуге бола ма?
Осы өнімнің ағымдағы нұсқасында — жоқ. Бірақ біз бұл функцияны әзірлеп жатырмыз.
Нақты нөмірді алмастырмалы нөмірмен кім байланыстырады?
Клиент өзі API интерфейсі арқылы орнатады. Beeline Business қолдау қызметінің мамандары бұл мәселеге қатысты кеңес береді.

Басқа қызметтер

callback
Осы сервис бойынша сұрақтарыңыз бар ма?

Деректерді толтырыңыз, біз кері қоңырау шаламыз

Сіздің есіміңіз
Телефон нөмірі *
Ұйымның БСН *
Ұйымның атауы
Электрондық поштаңыз
Осы сервис бойынша сұрақтарыңыз бар ма?