29 қазан 2026 • 5 мин

Жедел көмек қызметімен байланысу мүмкін болмай тұр ма?

4

Қытайда өндірілген кейбір смартфонда 101, 102, 103 және 104 төтенше қызмет нөмірлерін терген кезде қоңырау автоматты түрде 112 бірыңғай шұғыл қызмет нөміріне бағытталуы мүмкін.

Егер сізде осындай жағдай орын алса, Beeline қолдау қызметіне хабарласуға асықпаңыз. Өкінішке қарай, байланыс операторы мобильді құрылғыңыздың баптауларын өзгерте алмайды.

Қажетті төтенше қызметке тікелей қоңырау шалу үшін нөмірдің алдына 9 санын қосыңыз:

  • 9101 — өрт сөндіру қызметі;

  • 9102 — полиция;

  • 9103 — жедел медициналық жәрдем;

  • 9104 — апаттық газ қызметі;

  • 9112 — бірыңғай шұғыл көмек қызметі.

Бұл нөмірлерді смартфоныңыздың телефон кітапшасына алдын ала сақтап қоюды ұсынамыз.

Автор
Бажанова Полина
Редактор
Бажанова Полина
Жариялаған күні
29 қазан 2026

Жаңалықты таныстарыңызбен бөлісіңіз

WhatsApp Telegram Facebook LinkedIn

БАҚ үшін байланыстар

Сұраулар мен ұсыныстар бойынша pr@beeline.kz поштасына жазыңыз. Біз сізбен байланыса алу үшін хатта аты-жөніңізді және телефон нөміріңізді көрсетіңіз.

Басқа жаңалықтар

callback
Сізге шешім таңдаймыз

Қажеттіліктеріңізді қараймыз және кеңес береміз