Қызмет туралы
Claude — корпоративтік пайдалануға арналған Anthropic компаниясының ірі тілдік модельдер тобы. Шешім құжаттармен, компания білім қорымен, бағдарламалық кодпен және аналитикамен тиімді жұмыс істеуге мүмкіндік береді, сондай-ақ Amazon Web Services инфрақұрылымы арқылы қолданыстағы бизнес-процестермен біріктіріледі және Beeline Business тарапынан жергілікті сүйемелдеумен қамтамасыз етіледі.

Артықшылықтары
Корпоративтік AI
Claude бизнестің қолданбалы міндеттерін шешеді: құжаттармен және аналитикамен жұмыс, клиенттерді қолдау, процестерді автоматтандыру және қызметкерлерге көмек.
Корпоративтік деректермен қауіпсіз жұмыс
Сервис корпоративтік қауіпсіздік талаптары шеңберінде жұмыс істейді: құқықтарды бөлу, пайдаланушылардың рұқсатын басқару және деректерді бақылау.
Жеткізудің икемді нұсқалары
Қолайлы форматты таңдаңыз: өз шешімдерін әзірлеу үшін Amazon Bedrock, API арқылы жұмыс істеу үшін Claude Platform on AWS немесе дайын жұмыс кеңістігі ретінде Claude Enterprise.
Шектеусіз масштабтау
Бір команададағы пилоттан бастап, міндеттердің өсуіне қарай қолдануды кеңейтіңіз — инфрақұрылымды қайта қарамай.
Мүмкіндіктері
- Құжаттармен және мәтінмен жұмыс
- Деректерді талдау
- Корпоративтік білім базасымен жұмыс
- Міндеттер мен процестерді автоматтандыру
- БҚ әзірлеуді қолдау
- Пайдаланушылар мен қолжетімділікті орталықтандырып басқару
- API арқылы корпоративтік жүйелермен интеграция
Claude шешімдері
Amazon Bedrock
AWS инфрақұрылымында өз AI-шешімдерін әзірлеу үшін.Claude Platform on AWS
Amazon Web Services арқылы Claude моделдеріне тікелей қолжетімділік.Claude Enterprise
Компания қызметкерлеріне арналған дайын жұмыс кеңістігі.Қандай міндеттерді шешеді
- Шарттарды талдау
- Есептілікті дайындау
- Білім базасымен жұмыс
- Клиенттік сервисті қолдау
- Коммерциялық ұсыныстарды дайындау
- Әзірлеуге көмек
Жиі қойылатын сұрақтар
Claude Enterprise пайдаланушылар санына қарай сатып алынады. Қазіргі уақытта ең аз көлем — 20 орын, төлем жылдық міндеттеме шеңберінде ресімделеді. Шарттар жаңартылып отыруы мүмкін болғандықтан, оларды коммерциялық ұсынысты дайындау алдында растау қажет.
Claude Enterprise үшін құны пайдаланушылар санына және келісілген коммерциялық шарттарға байланысты. Қорытынды есеп міндеттер мен пайдаланудың болжамды көлемі нақтыланғаннан кейін дайындалады.
Amazon Bedrock AWS IAM арқылы қолжетімділікті басқаруды, деректерді жіберу және сақтау кезінде шифрлауды, AWS KMS арқылы кілттерді басқаруды және AWS CloudTrail арқылы әрекеттерді аудиттеуді қолдайды. Claude Platform on AWS сондай-ақ AWS-аутентификациясын, IAM арқылы қолжетімділікті бақылауды және AWS-биллингімен интеграцияны пайдаланады.
Қауіпсіздіктің нақты конфигурациясы, деректерді өңдеу өңірі және ақпарат деңгейлеріне қойылатын талаптар жобалау кезеңінде тапсырыс берушімен келісіледі.
Архитектура мен жеткізу нұсқасы клиенттің ішкі саясаттары мен қолданыстағы заңнама талаптарын ескере отырып таңдалады.
Егер клиент өзінің меншікті, жергілікті немесе арнайы CRM, ERP не басқа ішкі жүйесін пайдаланса, интеграцияны тапсырыс берушінің әзірлеу командасы немесе ол тартқан интегратор жүзеге асырады. Beeline қолжетімділік нұсқасын таңдауға және тиісті сервисті қосуға көмектеседі, бірақ жеке келісілмесе, клиенттік интеграцияны әзірлеуді өзіне алмайды.
Claude Enterprise қызметкерлерге арналған және өз пайдаланушы интерфейсін әзірлеуді талап етпейді.
Сонымен бірге бірыңғай техникалық hard limit барлық сценарийде қолжетімді емес, сондықтан бақылау әдетте AWS, қосымша және тапсырыс берушінің ішкі саясаттары деңгейінде бір мезгілде құрылады.
Бұлтты инфрақұрылым мен сервистердің өзіне қолдау AWS Support-тың қолжетімді тетіктері шеңберінде көрсетіледі. Ішкі қосымшалар мен интеграцияларды әзірлеу және сүйемелдеу, шартта өзгеше көзделмесе, тапсырыс берушінің немесе оның интеграторының жағында қалады.
Claude Enterprise үшін орын саны мен жазылым мерзіміне қатысты ең аз талаптар қолданылады, сондықтан пилоттық форматтың мүмкіндігін ұсынысты дайындау алдында жеке келісу қажет.
- болжамды міндеттер;
- шешімді кім пайдаланады — қызметкерлер немесе әзірлеушілер;
- пайдаланушылардың шамамен саны немесе жүктеме көлемі;
- AWS-аккаунттың болуы;
- қауіпсіздік пен интеграцияларға қойылатын талаптар;
- іске қосудың қалаулы мерзімдері.
Қосылу процесі
Жеткізу нұсқасын таңдау
Есептеу және шарттарды келісу
Шарт және қолжетімділікті ресімдеу
Қосылу және жұмысты бастау
Басқа сервистер
Amazon Web Services
Бизнес пен әзірлеушілер үшін ең жаңа бұлттық технологиялар
Azure Express Route
Жоғары жүктемелер кезінде де бұлтқа тұрақты және қауіпсіз қосылу


