AWS x Beeline Business бизнес-таңғы асы
Генеративті ЖИ мүмкіндіктері, AWS-тағы Anthropic Claude және оның бизнестегі нақты қолданылу тәжірибелері талқыланумен басшыларға арналған іскерлік таңғы ас.
Толық ақпарат
Тақырыбы:
«Бизнесте генеративті ЖИ енгізу: AWS және Claude мүмкіндіктері. Нақты кейстер»
Күні мен уақыты:
24 қыркүйек, сағат 09:00
Өтетін орны:
Алматы қаласы, Beeline Business кеңсесі
Тіркелу расталғаннан кейін толық ақпаратты менеджер жібереді.
Қатысу тегін. Орын саны шектеулі.
Іс-шара туралы
Генеративті AI енді эксперимент қана емес; компаниялар оны клиенттерді қолдау қызметтерінде, құжаттарды өңдеуде және қызметкерлерге арналған ішкі сервистерде белсенді қолдануда. Бүгінде басты сұрақ «бұл не үшін қажет?» дегеннен «оны қауіпсіз әрі түсінікті бюджетпен қалай енгізуге болады?» деген мәселеге ауысты.
Бір таңғы ас барысында сіз келесі сұрақтар бойынша толық түсінік аласыз: AWS осы міндеттерді шешу үшін қандай құралдарды ұсынады, Amazon Bedrock арқылы Anthropic Claude модельдерімен қалай жұмыс істеуге болады, өңір компанияларында өндірістік ортада қандай шешімдер сәтті қолданылып жатыр. Beeline Business Қазақстандағы AWS бұлтты сервистерінің сертификатталған жеткізушісі болғандықтан, іс-шара барысында қосылу, тарифтеу және жергілікті қолдау мәселелерін де талқылауға мүмкіндік болады.
Бағдарлама
09:00–09:30
Тіркеу және welcome coffee
09:30–09:50
Кіріспе сөз
09:50–10:20
AWS-тағы GenAI мүмкіндіктері. Amazon Bedrock, инфрақұрылым, деректер қауіпсіздігі және шығындарды бақылау құралдарына шолу
10:20–10:40
AWS-тағы Anthropic Claude. Claude модельдерінің топтамасы, қолдану сценарийлері, агенттер және ұзын контекстпен жұмыс істеу мүмкіндіктері
10:40–11:10
Кейс. GenAI енгізу тәжірибесі: қандай шешімдер тиімді болды, қандайлары нәтиже бермеді және қандай нәтижелерге қол жеткізілді.
11:10–11:40
Q&A. Спикерлермен ашық кездесу.
11:40–12:30
Фуршет және нетворкинг
Кімге пайдалы болады
- CTO, CIO және IT бағыттарының басшылары
- Цифрлы трансформация және инновациялар жөніндегі директорлар
- Шешімдер сәулетшілері және әзірлеу топтарының жетекшілері
- Data және ML мамандары
- AWS-пен жұмыс істеп жүрген немесе бұлттық шешімдерге көшуді қарастыратын компаниялар